Модельдер тізімі

Дилерлер

RU

Модельдер тізімі

Дилерлер

17.10.2025, 16:52

Бөлісу

12 қазанда Sokol International Circuit автожолында қазақстандық Allur автокөлік компаниясы мен "Sokol" СЖК қолдауымен ұйымдастырылған айырықша іс-шара - Cobalt Challenge өтті. Алғаш рет пилоттар айналма жарысқа арнайы дайындалған Chevrolet Cobalt-тың жаңа платформасын сынақтан өткізу мүмкіндігіне ие болды.


Cobalt Challenge тас жол-айналма жарыстарында жаңа ұлттық класты қалыптастырудың алғашқы қадамы болды. Іс-шараның басты мақсаты - Қазақстанда автоспортты насихаттау және қатысушылардың көбін шеберлік, техника және жылдамдық маңызды болып саналатын бағытқа тарту


Жарыстың форматы қарапайым әрі серпінді болды: әр қатысушы әрқайсысы 10 минутқа созылатын екі сессиядан өтіп, айналып өтудің ең жақсы уақытын көрсетуге тырысты. Жарысқа 30 адам қатысты, олардың ішінде 25 пилот пен 5 блогер болды, олар да өздерін жарыс күнінің бір бөлігі ретінде сезінуге мүмкіндік алды. Жарысқа қатысу тегін болды, бұл жобаның спорттық-ағартушылық миссиясын көрсетеді




"Sokol" СЖК спорттық директоры Рустам Жалилов қазақстандық автоспорт үшін өткен күннің маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, Cobalt Challenge жай ғана тест-драйв болып қана қоймай, сонымен қатар ол отандық автомобильдер қатысатын ұлттық айналма жарыс сериясын құрудың бастапқы нүктесіне айналды. 


"Бүгін расында да Қазақстанның автоспорты үшін тарихи күн. Біз еліміздің аумағында жасалған, жаңа ұлттық кластың негізіне айналатын жарыс автомобильдерінің прототиптерін ұсындық. Трассаға тайм-аттактан бастап картингке дейінгі әр түрлі бағыттардың пилоттары жиналды. Кейбіреулер бұлардың әлеуетіне күмән келтіргенімен, бүгін бұл көліктердің шын мәнінде күреске дайын екеніне сенімдімін. Келесі жылы парк алты көлікке дейін өседі деп үміттенеміз - бұл жаңа жарыс сериясының бірінші толыққанды кезеңін өткізуге жеткілікті ".




Cobalt Challenge-ге  қатысқан автоблогер Дияс Валихан жаңа платформаның тесті бірлік пен автоспортқа деген шынайы қызығушылық атмосферасында өткенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл іс-шара тіпті "халықтық" деп танылған автокөліктің де нағыз жарыс шабытын көрсете білген қызу жарыстың жарқын дәлелі болды


"Sokol" СЖК-інде жаңа платформаның тесті автомобильдерге құмар адамдар арасында достық атмосферада өтті. Тіпті 130 а.к. қуаттылықта да жарыс рухы толық сезілді - қарсыласты артқы көрініс айнасынан көргенде адреналин өз ісін жасайды. Трассада екі емес, осындай жиырма Cobalt-ты көру ғажап болар еді - Қазақстан ондайды  әлі көрген жоқ! Осы жарыстан кейін "жауынгерлік" Cobalt  тестілерін толыққанды чемпионатқа айналдырғысы келетін ынталанушылардың саны  жеткілікті болады деп үміттенемін ".




Сондай-ақ, ол автокөліктерді дайындаудың ойластырылған тәсіліне ерекше тоқталды: қауіпсіздік қаңқасы, спорттық орындықтар және өрт сөндіру жүйесі – бұның бәрі трассадағы сенімділік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етті.




"Cobalt - халықтық көлік, енді бұл ұран жаңа реңдерге ие болуда. Кәсіби автоспорт ешқашан адамдарға соншалықты жақын болған емес ", - деп толықтырды Валихан


Cobalt Challenge жаңа модельдің таныстырылымы ғана емес, тұтас жарыс бағытын дамытудың бастапқы нүктесі болды. Келесі жылдың өзінде кәсіпқойлар мен автоспорт әуесқойларын біріктіретін Cobalt Cup 2026 - ұлттық чемпионатты бастау жоспарлануда. Жаңа кубок Қазақстандағы автомобиль жарыстарына қызығушылықтың артуына, пилоттар қоғамдастығын қалыптастыруға және жарысушылардың дайындық деңгейін арттыруға ықпал етеді.




"Cobalt Challenge" іс-шарасы Қазақстанда автоспорт қолжетімді, ойын-сауық және шабытты болуы мүмкін екенін көрсетті. Allur және "Sokol" СЖК қолдауымен бізде автоспорт жылдамдықты тек көрермен мінбелерінен ғана емес, сонымен қатар, рульде сезінгісі келетін әрбір адамға жақын болуы үшін нақты мүмкіндіктер жасалуда.

Тағы да жаңалықтар